Солтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық ірі қарадан сарып ауруы анықталды

Мал иелері сиырлары үшін берілетін өтемақы мөлшері мардымсыз екеніне өкпелі.

Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез жұқтырған мал саны көбейіп барады. Қазірдің өзінде бес жүзге жуық ірі қарадан сарып ауруы анықталған, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бір күн ішінде қорадағы бүкіл малынан айырылғандардың бірі Саят Сәдуақасов ауру ошағын анықтай алмай келе жатқан мал дәрігерлерін кінәлайды. Соның салдарынан індет жыл сайын күш алады. Мал иелері, сондай-ақ, тәркіленген сиырлардың өтемақысы ретінде жарты бағасы ғана төленетініне де наразы. Індеттің таралуына байланысты тұрғындар сиырларын ет комбинатына өткізуге мәжбүр.

Қызылжар ауданы ветеринарлық станциясының директоры Ербол Багеновтың түсіндіруінше, өңірде биыл бруцеллез жылдағыдан әлдеқайда қатты асқынып тұр. Облыстың он ауданы мен Петропавл қаласында 412 бас ірі қара малдан бруцеллез анықталған. Әсіресе, Есіл, Қызылжар, Уәлиханов аудандарында індет дендеген.

"Қыста сиырлар іш тастаған. Бұл – сарыптың ауыр формасының белгісі", – дейді Ербол Багенов.

Қазір бүкіл облыс аумағында ірі қара малдарды тексеру жұмыстары басталған.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".