Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды

Инфекция үй құстары мен шошқа жануарынан жұғады.

Еліміздің солтүстігінде екі адамнан шошқа тұмауы анықталды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Инфекция жұқтырған науқастардың бірі мектеп оқушысы, екіншісі әскери қызметкер екен. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты деп отыр.

Ақ халаттылар екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмағанын жеткізді. Қазір оларға тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр. Аталған инфекция үй құстары мен шошқа жануарынан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады дейді мамандар.

"АШ1ЭН1" вирусына шалдыққан адамның басы мен бұлшық еті ауырады. Құрғақ жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі.

Дәрігерлер егерде осындай белгілер болса бірден емханаға жүгінуге кеңес береді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".