Спортшы Ақтан Зайнолда стритлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды

Ол Мәскеуде өткен Әлем чемпионатында 75 келі салмақта өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы, спорт саласының блогері Ақтан Зайнолда Ресей астанасы Мәскеуде өткен Күштік спорт түрлері бойынша Х Әлем чемпионатында пауэрлифтингтің стритлифтинг бағыты бойынша жеңімпаз атанды. 

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ол екі дүркін әлем чемпионы атанды. 

Қазақстандық спортшы, спорт саласының блогері Ақтан Зайнолда

Күштік спорт түрлері бойынша Х Әлем чемпионатына әлемнің 40 мемлекетінен 3600-ден астам спортшы қатысса, соның ішінде Ақтан Зайнолда 75 келі салмақта өнер көрсеткен. Ал Қазақстан атынан өнер көрсеткен Qazaq Paluany құрама командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді. 

Айта кетейік, биыл Күштік спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты оныншы рет ұйымдастырылып, өткізілді. 

Ақтан Зайнолда өзінің Instagram арнасында спорт бойынша түрлі жаттығулар мен спорттық челленджер жасайды. 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".