Су қоймаларындағы су көлемі азайтылуда. Үкімет су тасқыны кезеңіне қалай дайындалып жатыр

Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз
Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді.

Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізуде. Бүгінде су қоймаларында қажетті сыйымдылық көлемін дайындау жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметі бойынша:

Астана су қоймасындағы су көлемі 83%-ға дейін төмендетілді: 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін шамамен 5,1 млн текше метр су жіберілді. Министрлік 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қоймадағы су көлемін 300 млн текше метр немесе 73%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр. 

Ақтөбе су қоймасында шамамен 51 млн текше метр су бар. 1 сәуірге дейін су көлемін  47,3 млн текше метр деңгейіне азайту жоспарланып отыр. Ал Батыс Қазақстан облысы Бітік қоймасындағы су көлемі 34,4 млн текше метр дейін төмендетілді. Бүгінгі таңда су қоймасынан секундына 8,3 текше метр су жіберіліп жатыр. 


Оқи отырыңыз: Су тасқынына дайындық: 1 500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті


Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы 79%-ға толы. Министрлік 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін тағы 8%-ға азайтуға ниетті. Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында 69 млн текше метр су бар. Көктемде тасқын су қабылдау үшін су қоймасын 39%-ға дейін босату жоспарланып отыр. 

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасындағы су көлемі 86%-ға төмендетілді. Көктемге дейін тағы 11%-ға жуық су жіберу жоспарланған. Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасында 585,4 млн текше метр су бар. Су қоймасының жұмыс режиміне сәйкес, 1 сәуірге дейін су көлемін 499,37 млн текше метр немесе 61%-ға дейін азайту күтілуде. 

"Көктемде тасқын суды резервуарларда жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды тиімді бөлу жұмысын алдын ала жоспарлау қажет. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушылардың сұранысы толық қанағаттандырылды. Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Бұдан бөлек үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды", – деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".