Су тасқыны: Атырау облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Құлсары қаласында тұрғындарды қабылдайтын үш пункт ашылды.

Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы әкімдік өкілдері мәлімдеді. 

Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елдімекеніне су кірген. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері Қарағай тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. 

"Елдімекендегі су тасқынына байланысты Құлсары қаласында үш қабылдау орны ашылды. Олар – №1, 8 және 18 орта мектерінің ғимараты", – делінген әкімдік хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: "Жасанды көл тасуы мүмкін". Ұзынағаш тұрғындары кәріз қалдығы жиналатын орынға қатысты наразылық білдірді 


Аталған пункттерге тұрғындарды автобустар тасымалдайтын болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
2

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".