Су тасқыны: Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

Қазіргі уақытта қала ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр.

Атырау облысының Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың хабарлауынша, зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылады, деп хабарлады Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы

Қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үйді газбен жабдықталды.

"Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады", – деді Жұмабек Қаражанов. 

Сондай-ақ, аудан әкімінің хабарлауынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".