Су тасқыны салдары: Құлсары тұрғындары мал үшін өтемақыны мамырдың соңына дейін алады

Жылыой ауданында су тасқыны кезінде барлығы 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шеккен.

Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне су тасқыны кезінде малынан айрылған тұрғындардан 101 өтініш келіп түсті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб

Жылыой ауданында су тасқыны кезінде барлығы 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шекті. Оның ішінде:

  • 93 бас ірі қара мал;
  • 697 бас ұсақ мал;
  • 55 бас жылқы;
  • 31 бас түйе;
  • 532 құс.

2024 жылдың 20 мамырынан бастап малынан айрылған 23 иесіне жалпы сомасы 25,6 млн теңгеге өтемақы төленді.

"Су тасқыны кезінде малы зардап шеккен қалған 78 тұрғынға ақшалай өтемақы ағымдағы айдың соңына дейін төленеді. Төлемдердің жалпы сомасы 93,5 млн теңгені құрайды", – деді Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.


Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Құлсары тұрғындары мемлекеттің көмегіне ризашылық білдірді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".