Шығыс Қазақстан облысында жол опырылып түсті

Әкімдік мұны топырақтың ылғалдануынан деп түсіндірді.

12 сәуір күні таңертең Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда терең шұңқыр пайда болды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Бүгін таңғы "Теректі – Ұрынхай – Төсқайың" облыстық маңызы бар жолдың 13 шақырымында ("Мраморное" асуы маңы) топырақ көшкіні жүрген.

"Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматы облысының Талғар ауданында топырақ көшкіні жүрді


Болған жағдай туралы "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері мәлімдеген. Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. Айта кетсек, топырақ көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".