Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген

Жалпы Шымкент қаласы бойынша салық департаментінде 300 мыңдай автокөлік тіркелген. Оның 36 мыңнан астамы былтыр салық төлемеген.

Шымкентте бүгінгі таңда 36 мыңнан астам азамат автокөлік салығын төлемей жалтарып жүр. Салдарынан шаһар қазынасы 1,5 миллиард теңгеге жуық кірістен қағылып отыр. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады

Қарызды өндіру үшін қалада арнайы рейдтік тексерістер басталды.

Берешегіне қарамай Шымкент көшелерінде жүйіткіп жүрген автокөліктер осылай жол полицейлерінің құрығына ілігуде. Полиция департаментінің жедел басқарау орталығы салықтан сытылып кеткісі келгендерді ақпараттық база арқылы бірден анықтап беруде. Сондай-ақ "Сергек", "Интегра" және "Қорғау" жүйесі арқылы да айыппұл төлемегендер құрыққа ілініп жатыр. Жалпы Шымкент қаласы бойынша салық департаментінде 300 мыңдай автокөлік тіркелген. Оның 36 мыңнан астамы былтыр салық төлемеген.

"Салық төлеушілерге берешегі бар екені туралы хабарлама жолданған. Олар заң бойынша, 30 жұмыс күні ішінде орындамаса, салық бұйрығы қалыптастырылады. Әрі қарай оны да орындамаса, салық бұйрығы жеке сот орындаушыларға жолданады. Мәжбүрлеп өндіруге", – деді қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Аббасхан Сейдахметов. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".