Шымкентте еркінен тыс жұмысқа жегілген 60 өзбекстандық азамат құлдықтан құтқарылды

Кірпіш зауытында еркінен тыс жұмыс істеген Өзбекстан азаматтарын құқық қорғау органдары босатты.

Өзбекстан  азаматтарын Шымкент және Түркістан облысының тұрғындары күшпен ұстаған,  деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Полицияның мәліметінше, қазір осы іс бойынша үш күдікті қамауға алынды. Заңсыз бас бостандығынан айыру, өзінше билік ету бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасының 25 азаматы "Сана-сезім" қоғамдық бірлестігінің қамқорлығына алынып, қалған азаматтар жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты Шымкент қаласының полиция департаментінің қабылдау тарату орталығына орналастырылды", – деді ҰҚҚКБ бастығының орынбасары Құдияр Нұрсейітов.


Оқи отырыңыз: Режиссёр Фархат Шәріпов: Жасөспірімдерді жыныстық құлдыққа салу әлі бар.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".