Шымкентте мектеп басшылығы қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Ұрланған ақшаның бір бөлігі көмір сатып алуға және ғимаратты жөндеуге арналған.

Шымкенттің Тұран ауданындағы №73 мектеп басшылығына қатысты ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

«Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73  орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген. Одан бөлек, жұмыс атқармаған 2 «қызметкерге» ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды», – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Павлодар облысында балабақшаның бұрынғы директоры мен есепшісі 62 миллион теңге жымқырды деген айыппен сотталды


Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".