Шымкентте мұғалімді жұмысқа тұрғызу үшін ақша алған әйел ұсталды

Ол бұл қызметі үшін алдын ала 800 000 теңге алған.

Шымкентте дене шынықтыру пәнінен мектепке мұғалім болуды көздеген азамат алаяқтыққа тап болды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Ол Абай аудандық полиция бөліміне жазған арызында бейтаныс азаматшаның "мектепке мұғалімдікке жұмысқа тұрғызып беремін" деп, алдын ала 800 000 теңге алып, екі ай бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Оқи отырыңыз: Алаяқтың 50 iPhone әперемін дегеніне сенген Шымкент тұрғыны 4 млн теңгесінен айырылды


Жедел іздестіру барысында жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілген. Ол Шымкент қаласының 43 жастағы жұмыссыз, бұрын соңды сотты болмаған тұрғыны болып шықты.

Қазір күдікті азаматшаның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқ екені анықталып жатыр. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".