Шымкентте отау құрған жас жұбайлар сайлауда дауыс берді

Жұбайлар тарихи күнді шаңырақ көтерген күнімен байланыстырғысы келген.

Шымкентте №77 мектепте орналасқан №77 сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді. Жаңадан отау құрған Дәурен Тойбол мен Ақмарал Қалдыбаева отбасын құрған күні өз таңдауын жасады.

 

"Еліміз үшін айтулы күнде отбасымыздың құрылғанына қуаныштымын. Қалыңдығым екеуміз міндетті түрде кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, тарихи күнді шаңырақ көтерген күнімізбен байланыстырғымыз келді. Мінекей, дауыс беруге, өз таңдауымызды жасауға келіп тұрмыз", – деді Дәурен Тойбол. 

Бүгін ерлі-зайыптылар АХАЖ бөлімінен неке куәлігін алып,  отбасылық өмірге бірге қадам басты. Жас жұбайлардың екеуі де үлкен компанияларда, атап айтқанда,  Дәурен Тойбол – SCAT авиакомпаниясында бортсерік болса, жары Ақмарал – Kcell компаниясында жұмыс істейді.

Дереккөз: "Шымкент келбеті"

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".