Шымкентте қала күні мерекесінде алғашқы скейт-парк ашылды

Бүгін Шымкентте қала күні мерекесіне орай алғашқы скейт-парк ашылды.

Велосипедті мотокросс және скейтбордингпен айналысуға арналған алаң қаладағы Абай саябағының аумағында орналасқан. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекеге орай жаңа нысанмен танысып, жас спортшылармен әңгімелесті.

Шаһар басшысының айтуынша, мемлекет жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жас буынның бұқаралық спортпен және шығармашылықпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына барынша қолайлы жағдай жасап келеді. 

Айта кетейік, скейтбординг таяуда Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Шымкентте бұл спорт түрі енді ғана дамып келеді. Қалалық скейтбординг федерациясының жетекшісі Сергей Бараненконың айтуынша, қазір Шымкентте 100-ден астам скейтерлер болса, тағы сонша жас велосипедті мотокроспен айналысады екен. 

Жаңадан ашылған скейт-парктің аумағы 800 шаршы метрді құрайды. Онда бір мезгілде 40-қа жуық адам спортпен айналыса алады. Бұл жерде сейтбордингпен енді айналысып жүрген әуесқойларға арналған қарапайым фигуралар да, кәсіби скейтерлердің күрделі трюктар жасауына арналған фигуралар да орнатылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".