Шымкентте қаржы пирамидасына алданған тұрғындар шу шығарды

Шымкент бойынша 2 мыңға жуық адам алданған.

Шымкентте "Гарант 24" қаржы пирамидасына алданған тұрғындар шу шығарды. Олардың айтуынша, үкімі қыркүйекте шыққан істің аппеляциялық шешімі созылып кеткен,– деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Үкімі 5 қыркүйекте шыққан даулы іс аппеляцияға берілген. 

"Осы пирамидаға 10 миллион салған сыныптасым қайтыс болып кетті. Алдап соққан алаяқтардан көптеген отбасы ажырасып жатыр, – деді жәбірленушілердің бірі Әлпайым Жүнісова. 


Оқи отырыңыз: Жиһаз ойнатып, қаржы пирамидасын құрған әйел 5 жыл түрмеде отырады


Шымкент бойынша қаржылық пирамидаға 2 мыңға жуық адам алданған. Ең азы 1 миллион теңге , ең көбі 62 миллион теңге тапсырған. 

"Алғашқы сотта қаралған бірінші істе тізімде 900 адам болды. Екінші бөлектетілген істе 270 адам болды. Соның ішінде өзім жоқпын. Сөйлейтін адамдарды осылай алып тастаған. Тезірек ақшаны қайтарсын деген талабым бар. 8 миллион 790 мың, – жәбірленуші Кенжеайым Сейітметова. 


Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасына кірген адамды қалай құтқаруға болады?


Қазақстан бойынша 13 аймақтың тұрғынын алдады деген қаржылық пирамида ісі қазір Ақтөбеде қаралып жатыр. Қылмыстық іс 3786 томнан тұрады. 

"Іс бойынша 48 адам сотталушы, 17 мың 268 адам жәбірленуші бар. Қылмыстық іс 3786 томнан тұрады. Іс көлеміне байланысты аталған қылмыстық іс 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін аппеляциялық тәртіпте Ақтөбе облыстық сотында қаралуда" – Ақтөбе облыстық соты ақпараттық бөлімінің басшысы Айжамал Сүндетова.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".