Шымкентте сайлаушыларға наурыз көже таратылды

Мерекелік дастарханнан дәм татқан қала тұрғындары сайлау науқанындағы бұл бастамаға ризашылық танытты.

Шымкенттегі Қазығұрт шағынауданындағы №86 жалпы білім беретін мектеп ғимаратындағы №71 сайлау учаскесінде дауыс берушілер наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік дастарханнан дәм татқан тұрғындар сайлау науқанындағы бұл бастамаға ризашылығын білдірді.

"Бұл жолғы сайлау науқаны Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Міне, осындай қуанышты, мерекелі күнде өзіміз сенім артқан үміткерлерге дауыс бердік. Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Есіктен кірген бойда жылы лебізімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақ үлестіріп, жақсы көңіл-күй сыйлап жатыр. Осы сәтті пайдаланып, барша шымкенттіктерді Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамын", – деді Тұран ауданының биі Жетпісбай Жұрымбаев.

Қаладағы №71 сайлау учаскесінде таң азаннан бері дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр. Бұл сайлау учаскесінде 2 125 тұрғын тіркелген. Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Қазірге дейін 3 сайлаушыдан үйде дауыс беру ұсынысы түскен.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".