Шымкентте Түркия көшесі мен Қазақстан – Түркия достығы саябағы болады

Бұл атаулар Түркияның жүз жылдығы құрметіне орай берілмек.

Шымкент қаласы әкімдігі мен қала мәслихатының шешіміне сәйкес, Шымкент қаласындағы атауы жоқ көшеге Түркия және атауы жоқ саябаққа Қазақстан – Түркия достығы атауы беріледі. Бірлескен құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Құжат мәтініне, сәйкес, көше Абай ауданының Шымсити шағын ауданында, ал саябақ Еңбекші ауданының орталығында орналасқан.

"Қазақстанның Тәуелсіздігін алғашқы болып таныған бауырлас Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толу құрметіне орай, Қазақстан және Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастарды әрі қарай  нығайту мақсатында көшеге және саябаққа атау беріледі", – деп жазылған құжаттың түсіндірме жазбасында.

Еске салайық, бір жыл бұрын Шымкентте Түркияның консулдығы ашылған болатын.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".