Шымкентте түрменің жанында тұратын тұрғындар мүлде байланыссыз қалды

20 мыңнан астам тұрғын кімнен жауап аларын білмей отыр.

Шымкентте түрменің жанында тұратын Жас дәурен шағын ауданының тұрғындары екі аптадан бері жақындарымен байланысқа шыға алмай отыр. Өйткені көрші тұрған түзету мекемесінің себебінен байланыс аясынан тыс жерде қалған. Жұрт жағдайдың жарты жылдан бері қайталанып келе жатқанын айтады. Бірақ, мәселе соңғы уақытта тіпті ушыққан, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"60 метр тереңдіктегі үңгірде тұрып жатқан сияқтымыз. Телефонды сағат қарау үшін ғана пайдаланамыз. Басқаша еш нәрсеге жарамайды. Менің ағам І топтағы мүгедек. Кей күндері жедел жәрдемге 5 реттен хабарласуым керек болады. Қазір ешқайда хабарласа алмай отырмын", – деді Шымкент қаласының тұрғыны Ербол Әбдікерімов. 

Мекемедегілер бұл мәселені шеше алмайтынын айтқан. Енді 20 мыңнан астам тұрғын кімнен жауап аларын білмей отыр. Ал түзеу мекемесі басшыларының сөзінше, қазір ғимаратта байланысты бұғаттау құрылғысы жөнделіп жатыр. Сөздеріне сенсек, жұмыс келесі аптада аяқталады. 


Оқи отырыңыз: "Бір бұлақтан аң да, мал да, адам да су ішеді". Жамбыл облысында тұрғындар 30 жылдан бері ауыз суға зәру екенін айтты


"Жақын күндері баптау жұмыстары аяқталады. Арнайы мекемелердің барлық маманы осы жерде. Барлығын зерделеп, хабардар етеміз. 2-3 күн деп айта алмаймын, бір апта керек", – деді Шымкент және Түркістан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Теңізжан Жәнібеков.  

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".