Шымкентте ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс мәресіне жетті

Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай Great Qazaq Games атты спорттық сайыстар өтті.

Онда еліміздің барлық өңірлерінен және Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы мен Иорданиядан келген спортшылар бақ сынады. Олар 3 күн бойы көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату және тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Шымкент қаласындағы жаңа ипподромда өткен байрақты бәсекеде аударыспақ 5 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Нәтижесінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтөбелік Азамат Серғазин, 70 келіге дейін – тағы бір ақтөбелік спортшы Шыңғысхан Ержанов, 80 келіде – түркістандық Дарын Өткелбай, ал, 90 келіде Түркістан облысының тағы бір өкілі Есімхан Рахматілла жеңіске жетті. Ал 90 келіден жоғары салмақта Ақтөбе облысынан келген палуан Арман Сағымбаевтың бағы жанып, Great Qazaq Games ойындарының жеңімпазы атанды. 

Көрермен қауым үшін ең қызықты сайыстың бірі көкпар болғаны талассыз. Командалық көкпар бойынша жүлделі үшінші орын жарыс қожайындары Шымкент қаласының көкпаршыларына бұйырды. Финалда Қырғызстан Республикасының ұлттық құрамасы мен Жамбыл облысы арасында тартысты ойын болды. Нәтижесінде жамбылдық көкпаршылар жеңіске жетті.

Қазақ күресі бойынша палуандар 8 салмақ дәрежесінде бақ сынап, өзара жеңімпаздарды анықтады. Оған қоса түй палуанды анықтауға арналған белдесулерде үшінші орын қызылордалық спортшы Мақсат Исағабылов иеленді. Ал финалға қос бірдей шымкенттік палуан Ерсұлтан Мұзаппаров пен Марат Байқұмаров шықты. Тартысты өткен белдесудің қорытындысы бойынша Марат Байқұмаров жеңіске жетіп, Great Qazaq Games ойындарының түйе палуаны атанды.  

Бұдан бөлек, көнеден келе жатқан дәстүрлі спорт түрлерінің бірі – жамбы ату бойынша сайыстар үш түрлі стиль, атап айтқанда, түрік, кәріс және қазақ стильдері бойынша ұйымдастырылды. Сондай-ақ, теңге ілу мен асық ату, ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ ату сайыстары тартысты өтіп, Наурызда көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".