Шымкенттік түлек төрт халықаралық университеттен оқуға шақырту алды

Ол биоинженер және генетика мамандығын таңдап отыр.

Шымкент қаласындағы сегізінші гимназияның 11-сынып оқушысы Әдия Райымқұл әлемнің төрт университетінен оқуға шақырту алды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Әдия Райымқұл қазақ, ағылшын, орыс және неміс тілдерін меңгерген. Ол биоинженер және генетика мамандығын таңдап отыр. Шетелдегі оқуы аяқталған соң туған жеріне оралатынын айтты. 

"Шақырту алған университеттер АҚШ-та, Австрияда және Эстонияда орналасқан. Олардың ішінде әлемдегі ең үздік 20 университеттің қатарына кіретін Мадисондағы Висконсин университеті де бар. Әр университеттің ережесі басқаша. Негізінен, ағылшын тілін жақсы білуің керек. Бұл оқу орындары туралы ғаламтордан іздеп, көп ақпарат алдым. Кейін емтихандарды тапсырдым", – деді Әдия Райымқұл.

Жас түлек еліміздегі Nazarbayev University оқу орнына да шақырту алған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".