Шынайы оқиғаға негізделген "Набат операциясы" фильмі жарыққа шығады

Фильмнің қоюшы режиссері – Рашид Сүлейменов. 

Жуырда "Қазақфильм" киностудиясының "Набат операциясы" атты тарихи, жаңа картинасы экранға жол тартады. 

1992 жылы кезеңдестіру кезінде қашып кеткен 6 тұтқын Шиелі стансасы маңында қалааралық автобустың жолаушыларын кепілге алған. Ұзақ келіссөздерден кейін қарақшылар ұшақ талап етті. Бірақ нақты жоспарланған операцияның нәтижесінде барлық қылмыскердің көзін жойды. Кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл бірде-бір адам жараланбаған әлемдегі бірінші операция болды.

Атыс, шабыстың көптігіне қарамастан, "Набат операциясы" құқық қорғау орган қызметкерлерінің көзсіз батырлығы мен операция туралы емес. Бұл – тағдырдың жазуымен осы автобусқа тап болған қарапайым кепілге алынған адамдардың өміріндегі 20 сағатқа созылған оқиға және адами қасиеттерінің айқын көрінісі.

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" қолдауымен түсірілді. 

Фильмнің қоюшы режиссері – Рашид Сүлейменов. Қоюшы-операторы – Ернұр Рыспаев. Сценарий авторлары – Ильхам Джалилов, Рашид Сүлейменов, Рустам Азаматов.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".