Сыртқы істер министрлігі: Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі

Келісімге президенттің Қытайға сапары аясында қол қойылған болатын.

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим екі-үш айдан соң енгізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Президентіміздің Қытайға сапары аясында келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы ішкі рәсімдер бірнеше ай, тіпті бір-екі айға созылуы мүмкін. Бәрі аяқталған соң екі тарап бір-бірін хабардар етіп, келісім күшіне енеді", – деді Айбек Смадияров.

Құжат жобасына сәйкес, келісім белгісіз мерзімге жасалады. Екі тарап қажетті рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған соң 30 күн өткеннен кейін визасыз режим енгізіледі.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".