Такси жүргізушілері жолаушылардан қолма-қол ақы талап ете бастады

Мобильді аударымдар бақылауға алынғаннан кейін такси жүргізушілері де жолаушылардан қолма-қол ақы талап ете бастады.

Алматы қалалық кірістер департаментінің қызметкерлері жолаушы таситын жүргізушілерге де жаңа декларация бойынша жеңілдік қарастырылғанын жеткізді. Яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелген такси жүргізушілеріне ай сайынғы табысының 1 пайызын ғана салық есебінде төлеуге болады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мамандардың айтуынша, такси жүргізушілеріне жолаушылардан қолма-қол төлем талап етуге негіз жоқ.


Оқи отырыңыз: Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді


"Мобильді қосымша арқылы кәсіпкер ретінде тіркеліп, 1 пайызын төлейді. Демек, соның ішінде кассалық аппарат, соның ішінде нысанын тапсыру, егер ол бөлек патент негізінде болса – есеп тапсыруы керек. Егер мобильді қосымша арқылы болса, есеп тапсырылмайды. Ай сайын 1% жеке салығын төлеп отырады. Бұған қоса, әрине, әлеуметтік төлемдер бар. Бұл жерде QR кодты қою ешқандай қиындық тудырмайды", – деді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".