Талдықорғанда мұғаліміне бейәдеп сөйлеген оқушыға "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша хаттама толтырылды

Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған болатын.

Талдықорған қаласындағы №4 мектепте 11 наурыз күні оқушы мұғалімімен қатты дауыспен балағат сөздер айтып сөйлескен. Видео әлеуметтік желіде тарады. Соған орай Білім және ғылым министрлігі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазды. Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды" делінген хабарламада.

БҒМ мамандары кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылғанын еске салды.

Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады.

БҒМ мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейтінін ескертті. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".