Талғардағы Шерзаттың өлімі: марқұмның әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма

Тергеу барысы бақылауға алынған.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір айтты.

"Талғардағы кісі өлімінің тергеуі үнемі бақылауда. Күдіктілер ұсталды, оларға бірқатар айып тағылып отыр. 15 қазанда ішікі істер министрінің бірінші орынбасарының төрағалығымен брифинг өтті. Тергеу бойынша жария етілетін мәлімет айтылды. Марқұмның әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ. Үйді өртеу фактісі бойынша да іс қаралып жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Жұмыс жалғасып жатыр", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласында болған қайғылы оқиға – кәмелет жасына толмаған Шерзат Болаттың өлімі қоғамдық резонанс тудырды. Осыған байланысты жеті адам қамауға алынды. Бұл істі бас прокурор мен ішкі істер министрі өз бақылауына алды.

Кейін, 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Үй сыртынан канистр мен резеңке қолғап табылған.

Қалада қоғамдық тәртіпті Ұлттық ұлан әскері қадағалауда.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".