Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Ол, сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарады.

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – деп жазылған президент жарлығында.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы ҚазКСР Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарды. 2017 жылы қайтадан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Одан кейін "Нұр Отан" партиясының хатшысы, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті, президенттің штаттан тыс кеңесшісі, президент көмекшісі болды. 2022 жылғы 11 сәуірде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта келді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".