Танымал актер Үсіпхан Сейтімбет өмірден өтті

Ол ұзақ жыл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қызмет етті.

Театр актері, "Құрмет" орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет дүниеден өтті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі хабарлады. 

Үсіпхан Сейтімбет. Фото ашық дереккөздерден алынды

"Үсіпхан Сейтімбет саналы ғұмырын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына арнап, тума таланты, табиғи дарыны арқасында әр жанрда есте қаларлық сан қырлы образдар галереясын жасады. Халық жадында бойына барлық өнерді қабыстыра білген шебер актер ретінде қалды", – делінген хабарламада. 

Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет 1960 жылы ОҚО, Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келді.

1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.

1983 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.

Желтоқсан оқиғасы кезінде батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастырғаны үшін 1987 жылы екі жылға сотталып, 1989 жылы бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайта жалғастырып, тәмамдады.

1990 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрының актерлік құрамына жұмысқа қабылданды.

1999 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында актер болып қызмет атқарды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".