“Тендерден жеңіп беремін”: Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды

Күдіктінің қатысы бар бес қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы азаматшаны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті "жақсы таныстарына" сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға жәнеоны жеңіп алуға уәде берген.

"Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде С.есімді азаматшаның қатысы бар бес қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгені құрайды. Күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.


Оқи отырыңыз: “Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін”: Шымкентте төрт тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".