Теңге бағамы 2,5 пайызға әлсіреді: Ұлттық банк желтоқсандағы валюта нарығы бойынша мәлімдеме жасады

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Желтоқсан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 525,10 теңгеге дейін 2,5%-ға әлсіреді.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 262 миллионнан 254 миллион АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,3 миллирад АҚШ долларын құрады.

"Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін желтоқсанда 900 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне шамамен 43 млн АҚШ долларын құрады", – деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Республикалық бюджетке трансферт бөлуге үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық банк Ұлттық қордан 750 млн АҚШ долларынан 850 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".