TikTok әлеуметтік желісінде тараған "зорлау күні" – фейк

TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні екені туралы ақпарат таралып жатыр.

Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

"Қазіргі уақытта "24 сәуір" туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан  TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деп жазылған хабарладама.

Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.


Оқи отырыңыз: Аида Балаева өзінің атынан хабарлама таратып жүрген алаяқтар туралы ескертті


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".