TikTok желісіндегі дәрі жарнамасына қатаң жауапкершілік енгізіледі

2023 жылы заңсыз жарнама жариялаған 148 интернет-ресурс пен онлайн платформа анықталған.

Қазақстанда ғаламтор арқылы дәрі-дәрмек жарнамалауға талаптар тағы да күшейтілмек. Facebook, Instagram және TikTok желілерінде рұқсат құжатсыз жарнама жасағандарға әкімшілік айыппұл мөлшері артады. Бұл туралы Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістер бойынша консультативтік құжат жобасынан белгілі болды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы жүргізілген мониторинг аясында заңсыз жарнама жариялаған 95 ұйым мен 148 интернет-ресурс пен онлайн платформа анықталған. Оның ішінде 27 субъектіге жалпы сомасы 3,6 млн теңге айыппұл салынған. 27 субъектінің 15-і дерматокосметологиялық және пластикалық операциялар салаларының өкілі.

Министрлік мамандарының түсіндіруінше, айыппұл мөлшерінің төмендігі мұндай жарнамалар санының артуына сеп болып отыр. Сондай-ақ, құжатта жарнама жариялаушыларға қойылатын талаптарды да күшейту ұсынылған. Мысалы, енді лицензиясы көрсетілмеген болса, кәсіпкердің тіркеу нөмірі немесе медициналық білімі болмаса, мұндай жарнамаларды жариялауға рұқсат етілмеуі мүмкін. 


Оқи отырыңыз: TikTok желісін бұғаттағаннан Қазақстан ұта ма, ұтыла ма? Сарапшылар талдауы


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".