Тоғжанов Олимпиада резервін дайындаудың біртұтас жүйесін құруды тапсырды

Ол жаттықтырушылар өз шәкірттерін келесі деңгейге өткізгені үшін марапаттау маңызды екенін атап өтті.

Олимпиада резервін дайындаудың біртұтас жүйесін құру керек. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазды ҚазАқпарат агенттігі.

"Олимпиада резервін дайындаудың біртұтас жүйесін құру уақыты келді. Бұл салада түбегейлі іс-шаралар қабылдау қажет. Министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті, әкімдіктер, ғылыми институттар мен федерациялар спортшыларды даярлау барысында өздерінің міндеттері мен рөлдерін анық түсініп, оларды тиянақты орындауы тиіс. Осы жұмысты үйлестіру министрліктің басты міндеті. Олимпиада резервін даярлау қызметін нақты деңгейлерге бөліп, әрбір деңгей үшін тиісті нормативтерді, көрсеткіштерді, жауапты ұйымдарды және қаржыландыру көздерін анықтау қажет", – деді вице-премьер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.


Оқи отырыңыз: "Балаларды атбегілікке баулимыз". Оралдық ұстаздар қалай ұлттық ат спортын дамытып отыр?


Осы ретте Ералы Тоғжанов қабілетті спортшылар тиісті нормативті орындағаннан кейін даярлықтың жоғары деңгейіне өтуі тиіс екендігін баса айтты.

"Жаттықтырушыларды өз шәкірттерін келесі деңгейге өткізгені үшін марапаттау маңызды. Бұл мәселемен біраз шұғылдандым. Жоғары деңгейге жеткен шәкірттерін көпшілігі өз қарамағында ұстауға ынталы. Сондықтан осындай ынталандыру жүйесінсіз нақты нәтиже де болмауы мүмкін. Осы мақсатта арнайы сыйақы да енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын", – деді Ералы Тоғжанов.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".