Тоқаев белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

Төлен Әбдік. Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Төлен Әбдік. Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Президент жазушының "Егемен Қазақстандағы" сұхбатын оқып шыққанын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорда сайты

"Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!" – делінген жеделхатта.

Еске салайық, "Егемен Қазақстан" газетінде Төлен Әбдіктің "Көшпелі елдің дамуы тасбақаның аяңына ұқсайды" деген тақырыпта сұхбаты жарияланған болатын. Сұхбатты журналист, жазушы Қанат Әбілқайыр алған. 

Сұхбатты осы жерден оқуға болады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".