Тоқаев Каспий теңізін зерттейтін мемлекеттік ғылыми институт құруды ұсынды

2005 жылдан бері Каспий теңізінің деңгейі бір метрден аса төмендеген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құруды ұсынды. Институт теңіздің тартылу себебі мен оның салдарын жан-жақты зерттеуі керек.

"Каспий теңізінің тартылуы – айрықша өзекті мәселенің бірі. Теңіз деңгейі 2005 жылдан бері бір метрден аса төмендеп кеткеніне бәріміз куәміз. Судың тартылу себебі мен оның салдарын жан-жақты зерттеу керек Осы орайда, Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрған жөн деп есептеймін. Сондай-ақ, Үкімет Каспий жағалауында орналасқан өзге мемлекеттердегі әріптестерімен тығыз жұмыс істеуі керек", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Маңғыстауға бөлінген мемлекеттік білім гранттарының төрттен үші игерілмеген


Мемлекет басшысы теңіздегі итбалықтар мен балықтардың қырылуы жиілегеніне де назар аударды.

"Итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуын анықтау үшін Каспий теңізінің айдыны мен жағалауында зерттеу жұмыстарын тұрақты жүргізген жөн. Үкімет өкілетті органдарды теңізде жұмыс істеуге қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуге тиіс. Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу қажет. Браконьерлер балықтың көбеюіне кесірін тигізіп, теңіздің экожүйесіне зардап келтіріп жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".