Тоқаев: Шекара проблемасы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс

Президент сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеудің маңызына тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитінде сөйлеген сөзінде өңірдегі шекара мәселелерінің реттелмеуі тұрақсыздыққа әкелетін фактор екенін атап өтті

"Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Шекараларды делимитациялаудың өзара тиімді тәсілдерін әзірлеу және осы маңызды миссияға тәжірибелі сарапшыларды тарту үшін өңірлік сараптама алаңын құру пайдалы болады деп ойлаймын", – деді Қазақстан президенті. 

Сондай-ақ, ол қазіргі жағдайда қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды екенін атап өтті. 

"Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды. Бізге өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажет. Бұл жерде тауар айналымының құрылымын жақсартуға және оның номенклатурасын кеңейтуге мән берген жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Климаттық дағдарыс алапат миграциялық нөпірдің катализаторына айналуы мүмкін


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".