Тоқаев: Әкімдер өз қалаларында жаяу жүруі қажет

Президент қалалардың бет-келбетін сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

"Біз қалаларды абаттандыруға барынша баса көңіл бөлуіміз керек. Мойындау керек, қалаларымыздың бет-келбеті жақсы емес. Ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлер ескірген. Ал шетелде, әсіресе Шығыс Еуропа мен Балканда қалалар бюджеті әлдеқайда аз болса да, өте жақсы, таза көрінетді. Бұл жергілікті биліктің жұмысы. Бірақ бір жағынан тұрғындардың тұратын орындарына деген қарым-қатынасы. Қала тұрғындары өз көшелері мен үйлеріне немқұрайлы қарайды. Мұндай мәселеге бәріміз тап боламыз. Ал бұл еліміздің имиджі мен беделін түсіреді", – деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада да жағдай осындай екенін айта кетті.

"Астананың жоғары мәртебесіне қала орталығы ғана емес, оның шеткі аудандары да сай болуы керек деп бірнеше рет айттым. Біздің қалаларымыздың бет-келбеті нашар көрінеді, оны мойындау керек. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер бар, мәслихат өкілдері отыр. Осы мәселеге назар аударыңыздар. Жақында теледидардан Семейдегі балалар алаңы туралы сюжет көрсетті. Ол алаңды пайдалану қауіпті. Әкімдер өз қалалары мен елдімекендерінде жаяу жүруі керек. Бұл елордаға да қатысты", – деді мемлекет басшысы үкімет отырысында. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".