Тоқаев Астана әкіміне қаладағы су тапшылығы мәселесін тез арада шешуді тапсырды

Жағдай президент әкімшілігінің бақылауында болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдап, елорданы сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Ақорда.

Президент әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдауды тапсырды.  


Оқи отырыңыз: Астанада тұрғындар суды кесте бойынша алып жатыр. Бас қалада су тапшылығы неден туды?


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай президент әкімшілігінің бақылауында болады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".