Тоқаев ел азаматтарын әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Әскерге шақыру наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанда өтеді.

Президент әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Запасқа шығару және әскерге шақыру науқаны биылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанда өтеді.

"Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін" делінген қаулыда.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, Қазақстанда 2023 жылы 37 мың адам әскерге шақырылады. 

2022 жылы көктемгі науқанда 17 мыңға жуық азамат әскерге шақырылса, күзде олардың саны 18 мыңды құрады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".