Тоқаев: Еуразиялық экономикалық одақ – Еуразия кеңістігіндегі интеграцияның маңызды механизмі

Биыл Еуразия экономикалық одағын құру туралы шартқа 10 жыл толды.

Ресейдің "Известия" газетінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі" атты мақаласы жарияланды, деп хабарлады Ақорда

Мақалада мемлекет басшысы Астана мен Мәскеу Еуразия экономикалық одағы аясында табысты жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, қазір бұл құрылым Еуразия кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықтың маңызды тетігіне айналды және халықаралық деңгейде абырой-беделге ие болды.  

"Биыл Еуразия экономикалық одағын құру туралы шартқа 10 жыл толды. Қазақстан мен Ресей жаһандық бәсекеге қабілетін арттыру үшін әуел бастан жан-жақты ықпалдастық пен байланысты дәйекті түрде нығайтуға ұмтылды. Сол себепті, бірлестік құру туралы бастама көтеріп, осы ұйымның негізін қалады. Содан бері Еуразия экономикалық одағы оған мүше мемлекеттердің экономикалық саясатын интеграциялау және өзара сауда-саттықты дамыту үдерісі табысты жүзеге асып жатқан аса маңызды платформа ретінде өзінің тиімділігін көрсетті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Ресейдің Қазақстанмен шекаралас қалаларында қазақ мектептерінің ашылуына мүдделі


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".