Тоқаев: Кінәлілерді жауапқа тарту тек заң аясында жүзеге асырылады

Президент лаңкестердің билікті басып алмақ болғанын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктерге кінәлі азаматтардың тек заң аясында жазаланатынын айтты. 

"Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты. Біз шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бердік. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық. Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз", – деді президент. 

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды. Съезге 389 делегат онлайн-форматта қатысты.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".