Тоқаев: Оралхан Бөкей – ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан тұлға

Жазушының жауһар мұралары көптеген шет тіліне аударылып, пьесалары еліміздің іргелі өнер ордаларында қойылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған конференция қатысушыларына құттықтау хатын жолдады.

"Қадірлі қауым! Сіздерді көрнекті жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуымен құттықтаймын! Оралхан Бөкей – ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан біртуар тұлға.

Қарымды қаламгер әдебиет әлеміне алғаш қадам басқан сәттен бастап шоқтығы биік шығармаларымен оқырман қауымның ықыласына бөленді. Оның "Қайдасың, қасқа құлыным", "Қар қызы", "Ұйқым келмейді", "Атау кере" және басқа да туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына құнды қазына болып қосылды. Жазушының жауһар мұралары көптеген шет тіліне аударылды, пьесалары еліміздің іргелі өнер ордаларында қойылып, көрермен көзайымына айналды.

"Алтайдың Кербұғысы" атанған ерекше дарын иесінің шығармашылық жолы, азаматтық ұстанымы және қайраткерлік қасиеті – жастарға әрдайым үлгі-өнеге. Оның мол әдеби мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық бола беретіні сөзсіз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!" – делінген құттықтау хатта. 


Оқи отырыңыз: Қаллеки театры жаңа маусымда қандай қойылымдар қояды? Қыркүйек репертуары


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".