Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа Саран қаласының жылу беру маусымына дайын болмағаны үшін сөгіс берді

Бұған дейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов жұмыстан босатылған болатын.

Саран қаласының жылусыз қалғаны үшін Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді", – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында

Еске салайық, 13 қазанда сыртқы ауа температурасына 0-ден төмен болғанына қарамастан, Саран қаласы жылу желісіне қосылмаған болатын. 15 қазанда үкімет басшысы Саран қаласын жылу беру маусымына дайындамаған шенеуніктерді жауапқа тартуды тапсырды. Қалаға жылу тек 17 қазан күні берілді. 

Ал 28 қазанда Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алса, бір күннен соң Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды. Қала әкімінің міндетін уақытқа Мақсат Қайрешов атқарады. 


Оқи отырыңыз: Таразда тұрғындар жарық пен жылудың жоқтығына шағымданды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".