Тоқаев: Қазақстанда Қытайдың ірі техникалық университетінің филиалын ашуға мүдделіміз

Президент ҚХР-да білім сапасы жоғары екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанда аталған елдің ірі ЖОО филиалының ашылуын толық қолдайтынын мәлімдеді. 

"Елдеріміздің білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығы артып келеді. ҚХР-да техникалық білім сапасы жоғары екенін ескере отырып, Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді", – деді президент. 

Мұнымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-саттық көлемінің рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. Осы орайда, 2030 жылға қарай 40 млрд долларлық межені белгілеуді ұсынды. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Қытай мен Орталық Азия елдерінің жақындасуы туралы: Біздің ниетіміз түзу әрі шынайы


"Бүгінде Қытай – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық көлемі 30 жылдың ішіндегі рекордтық деңгейге жетіп, 31 млрд доллардан асты. Мұндай қарқынмен біз жақын арада тауар айналымы көрсеткішін 35 млрд долларға дейін жеткізу мақсатына қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Сондықтан 2030 жылға қарай 40 млрд долларлық межені белгілеуді ұсынамын. Осы мақсатқа жету үшін біз өзара сауда номенклатурасын кеңейте алар едік", – деді президент.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".