Тоқаев: Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді

Биыл ақпан айында азық-түлік инфляциясы 21,3 пайызды құраған.

Мемлекет басшысы соңғы 15 жылда азық-түлік бағасының бұрынғыдан да қымбаттағанын айтты. Биыл ақпан айында инфляция 21,3 пайызды құрап, шарықтау шегіне жеткен.

"Соңғы 15 жылда азық-түлік бағасының қымбаттағанының куәсі болып отырмыз. Биыл ақпан айында инфляция 21,3%-ды құрап, шарықтау шегіне жетті. Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, президент бұл мәселеге байланысты ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ екенін атап өтті.

"Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз",– деді мемлекет басшысы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".