Төтенше жағдай Петропавл қаласында да жарияланбақ

Ол 30 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласында жеке секторды су басуына байланысты төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Петропавл қаласы әкімі шешімінің жобасынан белгілі болды. 

Құжат бекітілген жағдайда төтенше жағдай режимі 30 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

"Петропавл қаласы әкімінің "Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімі Абай көшесіндегі кәріз коллекторының құлау салдарын, сондай-ақ жеке секторды су басу салдарын жою мақсатында қабылданады", – делінген шешімнің түсіндірме жазбасында. 

Еске салайық, бұған дейін республиканың 20-дан астам өңірінде жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысының аумағында толықтай төтенше жағдай режимі енгізілді. 


Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушыларға сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".