Трансплантация жасауға бола ма? Ғұламалар кеңесінің пәтуасы

Қайтыс болған адамның ағзасын трансплантаттауға рұқсат беру үшін бірнеше шарт орындалуы керек.

Мысыр пәтуа орталығы, Ислам конференциясы ұйымы жанындағы Фиқһ академиясы және Кувейттің Дін істері министрлігі осы мәселеге қатысты пәтуа шығарған. Онда ағзаларды ауыстыруға тірі адамнан да, өлген адамнан да рұқсат етілетіні жазылған. Бұл туралы ҚМДБ ресми сайты хабарлады. 

Қайтыс болған адамның ағзасын трансплантаттауға рұқсат беру үшін бірнеше шарт орындалуы керек:

  • ағзаны ауыстыру науқасты емдейтін жалғыз ғана жол екені жайлы білікті маманның шешімі;
  • трансплантаттау ғана науқас адамға көмектесеті жайлы дәрігерлердің сенім білдіруі;
  • ағзасын донор ретінде беретін адамның қайтыс болғанға дейін ағзасын өлгеннен кейін трансплантаттауға рұқсат беруі;
  • ағза доноры медициналық әрі діни тұрғыдан да өлді деп жариялануы;
  • донорлық ағзалардың тауар секілді сатылуына тыйым салынуы;
  • науқас адамның өз ағзасын ауыстыруға келісім беруі.

Оқи отырыңыз: Мәйітті донор ретінде пайдалану. ДСМ мен ҚМДБ ұстанымы қандай?


Тірі адамның ағзаларын трансплантаттау үшін де бірнеше шарт қарастырылған. Олар:

  • донордың ағзасын алғанда оның денсаулығына зиян келмейтіні жайында білікті дәрігерлердің шешім шығаруы;
  • донор болған адамның белгілі ағзасын алу оның өміріне ешқандай қауіп төндірмеуі;
  • адамның ағзасын сауда тауарына айналдырмау, одан ешқандай пайда көздемеу шарт. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".