Түйе ұрлап, сойып, сатып жіберген

Ұрылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Қызылорда облысының Арал ауданында тұрғын полицияға өрісте жайлымда жүрген түйесінің жоғалып кеткендігі туралы арызданған.

Жедел-іздестіру шараларының барысында аудандық полицейлермен мал ұрлығын жасаған Арал ауданының екі тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдіктілер кінәсін мойындап, ұрлаған малды сойып, сатып жібергенін айтты.

Қазір олар Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Ұрлық) бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Айыппұл артып, жаза күшейсе де, Қазақстанда мал ұрлығы неге тыйылмай тұр?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".