Түркі елдеріне ортақ әліпби әзірлеу жөніндегі комиссия құрылды

Комиссияның алғашқы отырысы Қырғызстанда өтеді.

Түркі мемлекеттерінің тіл бірлігі мен олардың ортақ әліпбиге көшуін жеделдету үшін Ортақ әліпби әзірлеу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Комиссия құру туралы шешім Түркі мемлекеттері ұйымының қарауына Түркияның Бурса қаласында өткен семинар барысында қабылданды. Комиссия ТМҰ аясында жұмыс істейді.   

Ортақ әліпби әзірлеу жөніндегі комиссияға барлық түркі елдерінде тіл саясатымен айналысатын ресми мекемелерден екі адамнан мүше болады. Комиссия міндеті – ТМҰ ақсақалдар кеңесіне ортақ әліпби жөнінде баяндама ұсыну.

Комиссияның алғашқы отырысы Қырғызстанда өтеді деп белгіленді.


Оқи отырыңыз: Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы: Асығыстыққа жол бермеуіміз керек


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".