Тұңғыш президент әулетіне тиесілі жерлер мемлекетке қайтарыла ма? Министр жауабы

2022 жылы 5,2 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылған.

Елбасы туралы заң күшін жойды. Соған байланысты Назарбаев әулетіне тиесілі жерлер мемлекет меншігіне қайтарыла ма? Бұл туралы журналистер үкімет кулуарында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен сұрады.

"Негізі қай фамилия болса да, кім болса да, бізге әсер етпейді. Барлық жерді тексереміз. Жерді тиімсіз пайдалану фактілері болса, жерді заңбұзушылықпен берген фактілер болса, міндетті түрде ол жерді тексеріп, елге қайтарамыз", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстанда игерілмеген не заңсыз берілген 10 млн гектар жер бар


Айта кетейік, 2022 жылы пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5,2 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылған. Биыл тағы 5 млн гектар жерді мемлекетке қайтарып алу жоспарланған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".