Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты

Астана қаласының тұрғындары үйді ипотека арқылы алатындардың көшін бастап тұр.

Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ұлттық банктің мәліметінше, кейінгі бір жылда отандастарымыз баспана алу үшін қаржы ұйымдарынан 6 триллион теңге қарыз алған.

Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға көп. Ел бойынша Астана қаласының тұрғындары үйді ипотека арқылы алатындардың көшін бастап тұр. Жаңа пәтер иеленген елордалықтардың банк алдындағы берешегі 2 триллион теңгеге жуықтайды.

Содан кейін Алматы, Шымкент қалалары және Қарағанды, Ақтөбе облыстарының тұрғындары да қарызданып-қауғаланып баспана алып жатыр.

Ал Ұлытау мен Жетісу облысында керісінше үйді несиеге рәсімдейтіндердің үлесі азайған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".